Қарағандыда алғашқы мысық кафесі ашылды

895

Қарағандыда алғашқы мысық кафесі ашылды

Қарағанды қаласында алғашқы мысық кафесі ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мұнда келушілер тек кіру үшін ақша төлеп, ішіндегі 26 марғаумен ойнап қайту мүмкіндігін алады. Күніне алдын ала жазылу уақытымен 50 адамға дейін қабылданады. Күні кеше бұл марғаулар далада қамқорсыз қалған еді. Төртаяқтыларға жанашырлық танытқан қала кәсіпкері мысықтарға күтім көрсетіп, қажетті екпелерін жасап, ауруларын жазып, оларды заманауи мысықтар кафесіне орналастырды. Қазір оның әрқайсысының паспорты бар.

Бұл – әзірге қалада пайда болған алғашқы кафе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу