banner

Қарағандыда балаларға арналған технопарк ашылды

974

Жаңа оқу жылында Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк пайда болады.

Қарағандыда балаларға арналған технопарк ашылды

Жаңа оқу жылында Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк пайда болады. Бұл жөнінде педагогтардың қатысуымен өткен тамыз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды 24kz.

Заманауи технопаркті жабдықтауға қалалық қазынадан 14 млн теңге бөлінді. Медиастудия мен робототехника кабинеттерінде балалар инновациялық жобаларды жасап үйренеді. Жаңа оқу жылында педагогтер қаладағы қосымша білім алатын балалардың санын екі есеге арттыруды көздеп отыр.

"40 пайыз ғана оқушыларымыз қамтылған қосымша біліммен. Сондықтан осы жылдары балалардың қазіргі заманға сай балаларды осы салаға тарту мақсатында қосымша жаңа бағыт бойынша жұмыс жасай бастадық. Ол технопарктегі IT  кластарды дамытамыз", – дейді қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ақмарал Мақұлбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу