Қарағандыда облыстық шахмат турнирі өтеді

838

Қарағандыда жас шахматшылар 70 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлық ұтып алуы мүмкін.

Қарағандыда облыстық шахмат турнирі өтеді

Қарағандыда Балалар және жасөспірімдер сарайының алаңында 1-2 желтоқсанда рапид және блиц түрлері бойынша облыстық шахмат турнирі өтеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Сайысқа қатысуға зияткерлірк спорт түрін сүйетін кез-келген ниет білдіруші қатыса алады. Мұнда екі жас мөлшері бойынша бөлінген топтарда бақ сынауға болады: 14-20 жас және 21-29 жас. 
Әрбір турнир үшін ұйымдастырушылар 340 мың теңге көлемінде жүлде қорын дайындады.

Жеңімпаздар 70 мың теңге сыйлық алады. Екінші орынға берілетін жүлде көлемі – 50 мың теңге, үшінші орынға – 30 мың теңге. Сондай-ақ 10 мың теңге көлемінде жұбаныш сыйлықтары да қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу