Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балаларға арналған футбол мектебі ашылады

1856

Қазіргі таңда онда футбол алаңын салу бойынша құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балаларға арналған футбол мектебі ашылады

Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балалар үшін футбол мектебін құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Келісім алты ведомство арасында жасалды: Қарағанды облыстық білім басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, "Шахтер" ФК, "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалы, білім министрлігінің дене шынықтыру ғылыми-саяси орталығы және Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаменті. 
"Бұл өте маңызды әлеуметтік жоба, бізге сал ауруына шалдыққан балаларды қолдау қажет. Өкінішке орай, бізде осындай диагнозы бар адамдар көп. Футбол мектебінде сонымен қатар шалғайдағы ауылдардан келген балалар да спортпен шұғылдана алады. Олар Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі базасында құрылатын интернатта мекендей алады. Қазіргі таңда онда футбол алаңын салу бойынша құрылыс жұмыстары басталып кетті", - деді Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев. 
Футбол мектебі сал ауруына шалдыққан 10 жастан жоғары 70 баланы қабылдай алады. Ерекше балаларға арналған ойын шарттары да өзгеше болады: командалар 7 адамнан құралады, матч 20 минуттық екі таймға бөлінген. 
Ерекше балаларға арналған спорт мектебін құру жобасын УЕФА да қолдады. Аталмыш федерацияның мамандары Қарағандыға келіп, "Шахтер" ФК ұсынатын жаттықтырушыларды мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу шеберлігіне үйретуді жоспарлап отыр. 
Келесі жылы Қарағандының футболшылары сал ауруына шалдыққан балалар арасындағы футбол бойынша Әлем чемпионатына қатысады деген жоспар бар. 
Бүгінгі таңда осындай мектеп Алматы қаласында жұмыс істейді. Оны ағымдағы жылдың мамырында ашқан. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан футбол Федерациясы сал ауруына шалдыққан балалар арасындағы Халықаралық футбол Федерациясына еніп, бірінші чемпионатын өткізген болатын. Қазанның 1-і мен 5-і аралығында өткен биылғы жылғы чемпионатқа Алматы спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысып үлгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу