banner

Қарағандыда шахматтан командалық чемпионат өтіп жатыр

619

Қарағандыда шахматтан командалық чемпионат өтіп жатыр

Қазақстанның шахмат бойынша командалық чемпионаты Қарағанды қаласында 17-ші қазанда басталды. Сайыс осы аптаның соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz.
Турнирге еліміздің сегіз аймағынан: Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Оңтүстік-Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан спортшылар жиналды. Турнирдің барлық ойыны Нүркен Әбдіров атындағы спорт сарайында өтеді. 
Бұл турнир алғаш рет 2006-шы жылы ұйымдастырылып, сайысқа Сәкен Сейфуллиннің аты берілген болатын. Сол кезде оған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның бес халықаралық гроссмейстерлері қатысып, екінші орынды иеленген еді. 
Келесі жылдан бастап, 2007-ші жылдан бері турнир ҚР командалық чемпионатына айналды. 2007, 2008 және 2010-шы жылдары қарағандылық команда туринирлерде үшінші, 2009 - екінші орынды иеленді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу