Қарағандыда XI Президенттік олимпиада басталды

1357

Оған 35 білім ұйымдарынан жиналған 11-ші сыныптардың 88 оқушысы қатысты.

Қарағандыда XI Президенттік олимпиада басталды

Қарағандыда жаратылыстану-математика циклінің XI Президенттік олимпиадасының бірінші (қалалық) кезеңі басталды. Оған 35 білім ұйымдарынан жиналған 11-ші сыныптардың 88 оқушысы қатысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қзметі.
Жоғарғы сынып оқушылары төрт пән бойынша тапсырмалар орындады: математика, физика, химия және биология. Есептерді шығаруға және жауаптарды толтыруға төрт сағат уақыт берілді.
Қала бойынша бірінші орынды №101 мектеп-лицейінің оқушысы Теймураз Джалаев иеленді. Ол математика бойынша тапсырмаларды барлығынан үздік шығарған. жинаған ұпайлар бойынша мықтылар қатарына №2 лицейдің, №38, 97, 3, 45 гимназиялардың, №102 мектеп-гимназиясының, С.Сәттаров атындағы №57 мектептің, №41 ЖББМ кірді. Олардың жұмыстары 2-шіден 10-шыға дейінгі орындарды иеленді.
Президент олимпиадасын жыл сайын ҚР білім және ғылым министрлігі ұйымдастырады. Оның мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау. Зияткерлік сайыстар үш кезең бойынша өткізіледі: I - аймақтық; II – іріктеу, екі турдан құралады: қашықтықтан және эссе; III (қорытынды) – республикалық.
Президент олимпиадасының ақтық сайысына шыққандардың барлығы қатысушы сертификатын алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР БҒМ дипломдарымен марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу