Каратэшілер үш қола медальға қол жеткізді

745

Каратэшілер үш қола медальға қол жеткізді

Иордания астанасы Амманда каратэден (WKF) Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасында қазақстандық каратэшілер  үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Ұлттық Олимпиада Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында үш қола медал жеңіп алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Атап айтар болсақ, қыздар арасында  55 келіге дейінгі салмақта  Аружан Мұхтар үздік үштіктен көрінді.

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Дәулет Шымырбеков, 67 келіге дейінгі салмақта Асылбек Мұратов қола медаль иегерлері атанды.

Еске сала кетейік, Аммандағы Азия чемпионатына Қазақстанның екінші нөмірлі  спортшылары қатысқан болатын. Каратэден негізгі құрам Азия ойындарына дайындалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу