Кәсіпкер тергеудің созылғанына шағымданды

778

Кәсіпкер тергеудің созылғанына шағымданды

Өскемендегі кәсіпкер Қарағанды қаласындағы тергеушілердің жүмысына шағымданды. Оның айтуынша, бұл өңірдегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз істерін баяу атқарады. Ал бұл уақытта менің бизнесім зардап шегуде, дейді ол.

Сергей Боковтың компаниясы ұзақ жылдан бері автотехниканың майларын сатумен айналысады. Сонымен қатар, бір-екі жыл бұрын елімізде алғашқы болып автокөліктердің ауа және май сүзгілерін шығара бастады.

Белгілі болғандай, 2016 жылы өскемендік кәсіпкер Мәскеуден 20 тонна автомай сатып алады. Тауарды Шығыс Қазақстанға жеткізіп беру жөнінде Қарағанды қаласында тіркелген компаниямен келісімшарт жасалған. Бірақ, тасымалдаушы алған тауарын Өскеменге жеткізбей, жарты жолда сатып жіберген. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тауар иесінің айтуынша, ол 11 миллион теңге шығынға батты. Ал қарағандылық тергеушілер болса, бұл істі әлі дұрыс қараған жоқ деп шағымданды.
Сергей Боков, кәсіпкер:
"Қылмыстық іс қозғалған. Бірақ, осы күнге дейін тергеу ісі дұрыс жүргізілмеді. Тауарымыз қайда және кім оны сатып жіберенін де білмейміз. Бізге ешкім ештеңе айтпайды. Тергеуші бірнеше рет ауысты. Заңгеріміз Қарағандыға талай барды, алайда тергеу жүргізіліп жатқан жоқ. Біз тауарды сатып алғанда, қосымша құн салығы мен утилизациялық алымның бәрін төлеп қойғанбыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу