Қасым-Жомарт Тоқаев менингитке байланысты қабылданған шешімді сынады

861

Қасым-Жомарт Тоқаев менингитке байланысты қабылданған шешімді сынады

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев менингококк инфекциясына қатысты салалық министрлікті сынға алды. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды abctv.kz. 
Спикер менингит инфекциясымен күреске байланысты қабылданған шешіммен келіспейді.

"Салалық министрлік кешірілмейтін сылбырлық, осалдық танытып отыр. Парламент сенатының депутаттары үкіметке сауал жолдайды", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, кеше ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аталған инфекцияға қарсы екпе жасау туралы шешім инфекциялар бойынша ұлттық үйлестіру консультативтік комитетінің құзіретінде екенін айтты.

"Оның құрамына барлық инфекционистер мен эпидемиологтар кіреді. Олар вакциналау шарасын өткізуге қазір ерте деген шешімге келді", - деді Елжан Біртанов. 

Оның түсіндіруінше екпе егу мәселесі 100 мың адамға шаққанда аурудың 10 жағдайы тіркелген кезде көтеріледі екен. Сондай-ақ карантин жариялауға да негіз жоқ екенін айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу