banner

Қаз өсірумен айналысатын кооператив құрылды

853

Қаз өсірумен айналысатын кооператив құрылды

Солтүстік Қазақстан облысында қаз өсірумен айналысатын тағы бір ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды, деп хабарлайды 24.kz.

Юлия Шалаева "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 5 млн теңге алып, асыл тұқымды "Линда" қазын баға бастады. Енді құс шаруашылығына ауылдастырын да тартып, кооператив құрды.

Бұл отбасылық кәсіп. Бүгінде олар 3 мыңнан астам қаз бағады. Ал былтыр Астана, Алматы, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Ақтау және Петропавл қалаларына 12 мың тонна құс етін сатты. Асыл тұқымды "Линда" қазының ірісі 9 келіге дейін тартады. 
Іскер әйел ауыл шаруашылығы кооперативін құрып қана қоймай, жерлестерін жұмыспен қамтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу