Қазақ депутаттары Түркиядағы сайлауда байқаушы болады

513

Қазақ депутаттары Түркиядағы сайлауда байқаушы болады

Ертең Түркияда өтетін кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлауға қазақстандық депутаттар байқаушы ретінде қатысады, деп хабарлады 24. kz.

"Бауырлас Түркияның өміріндегі көзге түсіп тұратын бір ерекшелік – саяси өмірдің өте тартысты өтетіндігі. Тіпті тым тартысты деуге болады. Түркия халқы саясатқа ерекше көңіл бөледі. Мұндағы саяси науқанның барлығында ерекше қызу болады. Мысалы, қазір ұлттық мәжілісіне 8 партия, ал президенттікке 6 кандидат түсіп жатыр. Біз кеше Ыстамбұлда болғанда біраз адамдармен көшеде сөйлестік, олардың барлығы сайлауға баратынын айтып, өздерінің ұстанымдарын білдіруге құлшынып отыр", - деді мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу