Қазақ күресінен Конфедерация кубогін Қарағанды облысы еншіледі

642

Қазақ күресінен Конфедерация кубогін Қарағанды облысы еншіледі

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінен Конфедерация кубогі жалғасуда. Қазақ күресінен Қарағанды облысының балуандары жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Финалда Қарағанды облысы мен Алматы қаласының командалары кездескен болатын. Шешуші жекпе-жекте қарағандылық балуандар 5:3 есебімен жеңіске жетті. 

Қарағанды облысы сапынан Дәулет Ниетбай, Еламан Қуанбай, Қайрат Ағыбаев, Қайырғали Төлепберген, Әбдіқасым Саханов, Бекзат Ахметбековтер қарсыластарынан басым түсті. 

Қазақ күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі төмендегідей: 

1. Қарағанды облысы

2. Алматы қаласы

3. Астана қаласы

Еске сала кетейік, бокстан Конфедерация кубогін Маңғыстау облысы иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу