Қазақ-қырғыз шекарасында декларациялау рәсімі күшейеді

1257

Қазақ-қырғыз шекарасында декларациялау рәсімі күшейеді

Ал қазақ-қырғыз шекарасында декларациялау талаптары күшейеді. Сондай-ақ, рәсімдеулерді қадағалаудың бірлескен "Жол картасы" қолға алынады. Мұндай келісімге Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары кездесуі барысында қол қойылды.

Бақытжан Сағынтаев кеше үкімет үйінде әріптесі Сапар Исаков бастаған делегацияны қабылдап, екі жақты экономикалық қатынастарды реттеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Шекарадан бөлек, көлік, фито санитарлық және ветеринарлық бақылау ісі бойынша да өзара ықпалдастық қызметтері құрылады. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымына сәйкес, кедендік және салықтық қағидаттар да қаралды. Екі ел министрліктері мен ведомстволары басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізуге Қырғызстан тарапы бастамашыл болды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

"Біздің кеден органдары қырғызстандық импорт тасымалдаушылардың Қытайдан Қазақстан шекарасы арқылы тауар тасымалдаған кездерінде декларациялау шараларын талапқа сай өткізбеу әрекеттерін анықтады. Мұнда заң бұзу деректері өте көп. Оның салдарынан, әрине Қазақстан экономикасы зардап шегіп отыр. Кездесуді өткізуге Қырғызстан тарапы өтініш білдірді".

Дегенмен, бұрынғыдай емес, биыл қос ел арасындағы сауда-саттық 63,4%-ға артқаны байқалды. Деректі finprom.kz сайта таратып отыр.

Әсіресе, тауар айналымының үлесі Қазақстанда басым екен. Бұл шамамен 469,8 млн доллардың кірісіне тең. Ал Қырғызстаннан Қазақстанға шикізат 2 есеге артығымен импортталған.

Жалпы Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қырғызстан Ресейден кейінгі Қазақстанның басты серіктесі саналады. 2017 жылдың 9 айында экспорт - 308,4 млн долларды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу