Қазақстан бишілері Түркияның халықаралық цитрус фестиваліне қатысады

878

Бишілердің жол ақысы бюджеттен өтеледі. 

 Қазақстан бишілері Түркияның халықаралық цитрус фестиваліне қатысады

Қарағандылық бишілер Қазақстанның намысын Түркияда өтетін фестивальде қорғайды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағандылық "Волшебная страна" үлгілі хореографиялық ансамблі Түркияның Мерсин қаласына аттанып, халықаралық цитрус фестиваліне қатысады. Бишілердің жол ақысы қалалық бюджеттен өтеледі. 

1 100 000 теңге қалалық бюджеттен Астана-Стамбул-Астана бағытында ұшу жолақысына бөлінеді. Бұл қаражатқа Түркияға "Волшебная страна" үлгілі хореографиялық ансамблінің 16 жастан жоғары бишілері баратын болады. 

Фестивальге қатысуға шақыруды ансамбль қазанның басында алған. Би ұжымына көмектесу туралы шешім жастар кеңесінің кезектен тыс отырысында қабылданды. Оны қала әкімі Нұрлан Әубәкіров құптады. 

"Волшебная страна" ансамблі Қарағандыда 19 жыл бұрын балалар және жасөспірімдер сарайының жанынан құрылған. Бүгінгі таңда онда 300-ден астам балалар бимен айналысады. . 

"International Citrus Festival Mersin" фестивалі Түркияның Мерсин қаласында 2009-шы жылдан бері жыл сайын өтеді. Оған 30-дан астам елдердің фольклорлық ұжымдары қатысады. Әншілер мен бишілер өз өнерлерін көрсетеді, сонан соң ұлттық киімдерімен қала көшелерінің бойында шеруге шығады.

Фестиваль ұйымдастырушылары сондай-ақ лимон, апельсин және грейпфруттың үлкен фигураларын жасайды – ол үшін кем дегенде 100 тонна цитрустық жемістер пайдаланылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу