banner

Қазақстан елшісі Бельгия короліне сенім грамоталарын тапсырды

735

Қазақстан елшісі Бельгия короліне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі елшісі Айгүл Құспан Бельгия королі Филиппке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел арасындағы саяси диалогты жаңа деңгейге көтеру, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды жандандыру мәселелері талқыланды.

Король Қазақстан "ұлы тарихы бар, кең әлеуетке ие үлкен ел екендігін" атап өтіп, Қазақстандағы бастамаларға қызығушылық танытты.

Саяси диалогты және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда нақты ұсыныстар айтылды. Қазақстандық дипломат Бельгияның 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтап, екі еліміздің БҰҰ шеңберінде және халықаралық аренадағы ұстанымдарының жақындығын атап өтті. Сауда-экономикалық салада аймақтық және федералды іскерлік топтардың Қазақстанға экономикалық миссиялары, сондай-ақ бельгиялық компаниялардың еліміздегі жұмысы құпталды.

Бельгия королі Филипп президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ілтипатын білдіріп, Қазақстанның елбасы басшылығымен зор жетістіктерге қол жеткізгенін айтты. Еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы бастамаларына жоғары баға берді. Сонымен қатар, ол өзінің 2002 және 2009 жылдары Байқоңырға сапарларын, 2010 жылы үлкен бизнес-делегацияны басқарып Қазақстанға жасаған сапарын және 2014 жылы Брюссельде президент Нұрсұлтан Назарбаевпен өткізілген кездесулерді ілтипатпен еске алды. Сұхбат соңында король елшіге екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру жолындағы жұмысына сәттілік тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу