Қазақстан елшісі Франция президентіне сенім грамотасын тапсырды

738

Қазақстан елшісі Франция президентіне сенім грамотасын тапсырды

Елисей сарайында Қазақстан Республикасының елшісі Жан Ғалиев Француз Республикасының президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында елші Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың француз көшбасшысын Астанаға сапармен келуге шақыруын растады. Эммануэль Макрон оны алғыспен қабылдады. Жан Ғалиев екі мемлекет арасында 25 жылдан астам дипломатиялық қатынастары арқасында өзара тиімді және сенімді ынтымақтастықтың дамуын атап өтіп, бүгінде елдеріміз стратегиялық серіктес болғанын айтты. Ол алдағы уақытта әрекеттесудің барлық салаларын кеңейту мен нығайту, сондай-ақ оны жаңа сапалы мазмұнмен толтыру қатынасында керекті күш салынады деп сендірді.

Президент Эммануэль Макрон әлемдік және өңірлік мәні бар өзекті мәселелерді шешудегі Қазақстан рөлінің өсіп жатқандығын жоғары бағалады. Ол Астанада сирияаралық келіссөздер жүргізудің маңыздылығын жеке атап өтті.

Әңгімелесу қорытындысы ретінде Эммануэль Макрон президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы сәлем жолдап, жақын уақытта Қазақстан көшбасшысымен кездесу үмітін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу