Қазақстан елшісі Хорватия Республикасының президентіне сенім грамотасын тапсырды

668

Қазақстан елшісі Хорватия Республикасының президентіне сенім грамотасын тапсырды

20 шілдеде Загреб қаласында Қазақстан Республикасының елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватия Республикасының президенті Колинда Грабар-Китаровичке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада отандық дипломат Хорватия басшысын Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Хорватияның мемлекеттілік күнімен құттықтады және Хорватия халқына ең ізгі тілектерін жеткізді.

Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25-жылдығының аясында, елші қазақстандық-хорват ынтымақтастығының кешенді түрде нығаюын және халықаралық аренада екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталғын Астананың дәйекті саясатына назар аударды.

Президент К.Грабар-Китарович саяси диалогты дамытуда елеулі әлеуетті атап өтті, сондай-ақ Хорватия мен Қазақстан арасындағы саяси, мәдени, сауда-экономикалық салаларында өзара ықпалдасуға және екі елдің халықаралық сахнада бірлескен өзара іс-қимылдарға өзінің дайындығын білдірді. Хорватияның мемлекет басшысы Қазақстандық дипломатқа табысты жұмыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу