banner

Қазақстан еуро және юань бойынша облигация шығаруды қарастырып жатыр

779

Қазақстан еуро және юань бойынша облигация шығаруды қарастырып жатыр

Қазақстан жуырда теңгелей еурооблигацияларды орналастырмақшы. Бұған қоса еуро және юань бойынша облигация шығаруды қарастырып жатыр. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Вашингтонда берген сұхбатында мәлімдеді. Министр Халықаралық валюта қорының көктемгі кездесуіне қатысқан болатын, деп хабарлайды LS.
Министрдің айтуынша, борышқорлық нарықта қаражат тарту инвесторлар санының көп болуына қол жеткізу үшін жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар, Сұлтанов теңгедегі еурооблигацияларды нарыққа шығару осы жылы жүзеге асуы мүмкін екенін айтты.

"Сондай-ақ, Қазақстан қарыз алу географиясын кеңейтуді зерттеп,  соның ішінде еуро нарығын қарастырып жатыр және юаньмен немесе "панда" деп аталатын облигацияларды шығару мүмкіндігін іздестіруде. Құралдарды әртараптандыру мәселесі, инвесторлар пулын әртараптандыру біз үшін әрдайым маңызды", – деді Сұлтанов

Қаржы министрінің айтуынша, келесі аптада құрлық нарығында орналастырылатын панда-облигациялардың шығару мүмкіндігін талқылау үшін, ол қытай реттеушілерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Айта кетсек, Ұлттық банк делегациясы Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банк тобының басқарушылар кеңесінің көктемгі кездесулеріне қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу