Тимур Құлыбаев: Біз шетелдік не отандық инвестор деп бөле жармаймыз

936

Тимур Құлыбаев: Біз шетелдік не отандық инвестор деп бөле жармаймыз

Германия экономикасының 90 пайызын шикізаттық емес секторды дамытуға арнаған. Нәтижесінде бұл ел жалпы ішкі өнімінің көлемі бойынша үшінші орын иеленеді. Қазақстан үшін немістердің осы тәжірибесін үйрену аса қажет. Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің тең төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деді.

Бүгін Берлинде стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңестің 11-ші отырысы өтіп жатыр.

"Біз шетелдік не отандық инвестор деп бөле жармаймыз. Екеуіне де ортақ жағдай жасауға тырысамыз. Бизнес климатты жақсарту үшін бірқатар заңнамаға өзгерту мен түзету енгізуге атсалыстық. Оның ішіндегі ең негізгісі -  "Салық кодексі". Сондықтан германиялық инвесторлардың елімізге келуіне жақсы мүмкіндік жасалған деп ойлаймын. Сіздерден үйренетініміз - шикізаттық емес экономиканы дамыту. Германия экономикасының 90 пайызы осы салада. Бізге де шикізаттық экономиканы әртараптандыруды үйрену керек",- деді жиында "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасыТимур Құлыбаев. 

Аталған шараға парламент депутаттары, министрлік басшылары, отандық кәсіпорын жетекшілері қатысуда. Іс-шара аясында тараптар өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктері мен ұзақ мерзімді жоспарларын талқылайды.

Айта кетесек, Германия елімізге жалпы тікелей инвестиция тарту бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Соңғы 4 жылда 4,4 млрд долларға 444 жобаны қаржыландырған. Бүгінде екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы - 1,7 млрд доллар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға көп.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу