banner

Қазақстан мен Өзбекстан пойыздарды жедел өткізіп жіберу туралы уағдаласты

803

Қазақстан мен Өзбекстан пойыздарды жедел өткізіп жіберу туралы уағдаласты

Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары пойыздарды жедел өткізіп жіберу туралы уағдаласты, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Ташкентте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов "Узбекистон темир йуллари" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Фазлитдин Сағдуллаевпен Сарыағаш – Келес шекаралық түйісу бекетінен өткізу мүмкіндігін арттыру, теміржол көлігі саласындағы ыңтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі келіссөздер жүргізді.

 Өзбекстан темір жолдары мен одан ары қарайғы бағытта жүк ағынының артуынан пойыздарды өткізу және вагондар айналымы айтарлықтай қиындаған. Бұл мемлекетаралық түйісу пунктінде тәулік сайын 26 жұп жүк вагонын (2017 жылы 17 пойыз, қазан-қараша – 21 жұп)  қабылдау және беру туралы келісімге қол жеткізілді. Жылжымалы құрамды тиімді пайдалану үшін тараптар құру жоспарын өзгерту, вагондарды өңдеуді жылдамдату және алдын ала хабарлауды қосқанда вагондар айналымын қысқартуда барлық қажетті шараларды қабылдайды.

 Жол бөлімшелерінде жедел штабтар құрылған. Тараптар теміржолмен контейнерлік тасымалдау, қазіргі жүк пойыздарын құру жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ыңтымақтастықты дамыту мәселелерін қарады. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды темір жол бөлімшелері станцияларынан артылған астық пен ұн тиелген вагондардың бір бөлігін белгіленген Сарыағаш өткізу пунктінің  орнына Оазис өткізу пунктының Габала станциясына қайта жөнелту туралы шешім қабылданды.

 Тараптар бұл ретте ҚР мен ӨР аумағымен транзиттік жүк тасымалының бәсекеге қабілетті тарифтік ставкасын қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруға келісті.

 Келіссөздер қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу