Қазақстан полициясының құрметіне ескерткіш-обелиск ашылды

619

Қазақстан полициясының құрметіне ескерткіш-обелиск ашылды

Шымкент қаласында өткен салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, милиция генерал-майоры Ж.Сұлтанов және өзге сала ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты, деп хабарлады Baq.kz.

Ескерткіштің ашылу рәсімінде алғашқы болып сөз алған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы жаңа нысанның мән-маңызына тоқталып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің төл мерекесімен құттықтады.

"Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектерін ескере отырып, қаза тапқандардың құрметіне орай ескерткіш қоюды жөн көрдік. Бүгінгі ұрпаққа ұлағат, болашаққа аманат етуді мақсат еткен бұл нысан өткенге тағзым болары сөзсіз. Әрине ерлікпен қаза тапқан батырларымызды ешбір ескерткішпен алмастыра алмаймыз. Елдің тыныштығы жолында жанын құрбан еткен ержүрек, батыл ерлер ешқашан ел жадынан шықпайды...", – деді облыс әкімі.

Салтанатты шара аясында облыстық ішкі істер департаментінің жеке аппарат құрамы салтанатты шерумен жүріп өтті. Сондай-ақ шараға қатысушылар ІІД музейін тамашалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу