Қазақстан Techstars Startup Week аясындағы халықаралық стартап-апталығына қосылады

858

Бір аптаның ішінде еліміздің екі мегаполисінде 10 түрлі алаңда 30-дан астам іс-шаралар жоспарланып отыр. Әр бағыт бойынша оқытулар, нетворкинг, байқаулар және басқа да шаралар түрінде жеке іс-шаралар өткізіледі.

Қазақстан Techstars Startup Week аясындағы халықаралық стартап-апталығына қосылады

Астана мен Алматы қалаларында 8-14 қазан күндері Techstars халықаралық акселератор аясында алғашқы ғаламдық стартап-апта өтеді, деп хабарлайды ТДҰА баспасөз қызметі.

Жобаны ұйымдастырушылар: Бизнес-инкубатор MOST, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік", IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі Astana Hub, Астана қаласының әкімдігі, “Astana Innovations” АҚ, Бизнес-инкубатор BeinTech, НКО Zhaina Woman.

Techstars Startup Week бүкіл әлемнің түрлі қалаларында өтеді және жас кәсіпкерлерді, жергілікті көшбасшыларды және талантты адамдарды жергілікті бизнес-қоғамдастықты дамытуға және қатысушыларының өзара әрекеттестігі үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға біріктіреді.

Іс-шара Қазақстанның стартап экожүйесінің барлық қатысушыларын кездесулер, дәрістер, пікірталастар  өткізу арқылы біріктіреді. Startup Week Qazaqstan келесі бағыттардан тұрады: FinTech, Smart City, Экожүйелер, Entrepreneurship, Ақпараттық технологиялар (IT), Әйелдер кәсіпкерлігі, Корпоративтік инновациялар.

Бір аптаның ішінде еліміздің екі мегаполисінде 10 түрлі алаңда 30-дан астам іс-шаралар жоспарланып отыр. Әр бағыт бойынша оқытулар, нетворкинг, байқаулар және басқа да шаралар түрінде жеке іс-шаралар өткізіледі.

Өткен жылы 80-нен астам ел Techstars Startup Week өткізді. Бір апта ішінде жетекші жергілікті және халықаралық сарапшылар тәжірибе алмасып, білім беру іс-шараларын жүргізеді. 2017 жылы бүкіл әлем бойынша 100 мыңнан астам кәсіпкер Startup Week қатысушылары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу