Қазақстан Ұлттық қордың бұғатталған қаржысын құтқарып алды

751

Қазақстан Ұлттық қордың бұғатталған қаржысын құтқарып алды

Ұлттық қордың 22 млрд долларына салынған шектеу алынып тасталды.

Әділет министрлігі нақтылағандай, 2018 жылдың 23 қаңтарында Амстердам аймақтық соты Ұлттық банктің  Bank of NewYork Mellon-те   кастодиалдық сақтауда тұрған Ұлттық қор активтерін бұғаттаудан шығару туралы өтінішін қанағаттандырды.

"Сот процеске үшінші тарап ретінде қатысып отырған Қазақстан реттеушісінің және әділет министрлігінің позициясымен келісті және Ұлттық қордың активтеріне қол сұғуға боламайды деген қаулы шығарды", – деп атап көрсетті ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу