Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

680

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды  vesti.kz 
Қазақстанның ұлттық және жастар құрамасы оқу-жаттығу жиыны аясында өзара жолдастық кездесу өткізді.

Айта кетейік, әр команда екі түрлі құрамамен ойнады. Александр Бородюк шәкірттері бірінші таймда екі гол соқты. Голдың авторлары – жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан мен шабуылшы Роман Мұртазаев. Екінші таймда "Қайраттың" тағы бір ойыншысы Бауыржан Тұрысбек үшінші голды соқты. Осыдан кейін Владимир Никитенко шәкірттері есеп айырмасын қысқартты.

Жартылай қорғаушы Максим Котов дәлдігімен көзге түсті. Ал матчтың нүктесін ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алған "Тараз" клубының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов қойды. Осылайша еліміздің басты командасы жас футболшыларымыздан 4:1 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, 11 қараша күні бұл екі команда тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу