banner

Қазақстан жарақат алу бойынша әлемдегі мемлекеттердің алғашқы үштігіне кіреді

919

Қазақстан жарақат алу бойынша әлемдегі мемлекеттердің алғашқы үштігіне кіреді

Ақтөбе аймағында әлем дәрігерлерінің екі күнге созылған бас қосу жиыны мәреге жетті. Олар ауыр аралас жарақатты кешенді түрде емдеудің бүгінгі заманғы тұжырымдамасын талқылады, деп хабарлайды egemen.kz.
Мәжілісті Қазақстанда өткізу қажеттілігі неден туындағаны жөнінде өз қандасымыз, ұлты қазақ, АҚШ-тың Миссури штатына қарасты Сент Луис клиникасының бас дәрігері, пофессор, медицина ғылымының докторы Жолдас Құлжанов сөйледі. Ол ортопед-хирург маман ретінде осы саладағы мемлекеттер арасындағы салыстырмалы деректерге үнемі назар аударып жүретінін айта келіп, Қазақстан ауыр аралас жарақаттар алу көрсеткіштері бойынша әлемдергі мемлекеттердің алғашқы үштігіне кіретіні жөніндегі сұмдық деректі алға тартты. 
Халықаралық интеграция сипатындағы кездесулер кезінде әлемдегі озық дамыған елдердің денсаулық сақшылары жарақаттан сау-тамтығы қалмаған ағзаны, соның ішінде жамбас және аяқ-қол сүйектерінің және басқа да зақым келген мүшелерді қалай қалпына келтіруге болатыны жөніндегі тәжірибелерін ортаға салды. Сондай-ақ олар осы бір күндерде ауыр да күрделі оталар жасауға қатысып, шеберлік сағаттары мен сабақтарын өткізді. Сонымен бірге сүйектердің зақымдануынан зардап шегіп жүрген клиенттер мен өңір тұрғындарына және клиникаларда емделіп жатқан ауруларға тегін кеңестер берді.  

Халықаралық интеграция аясында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен АҚШ-тағы ортопедиялық госпитальдің жетекшісі Жолдас Құлжанов және Қытайдағы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық облысындағы халықтық госпитальдың травматолог дәрігері Миао Сюагангом өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумдарға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу