Қазақстанда алаяқтық әрекеттер саны артып отыр

3305

Зардап шеккендердің көбі тиісті құжаттарды дұрыс тексермейді, я болмаса, өз аңқаулығынан алданып қалады.

Қазақстанда алаяқтық әрекеттер саны артып отыр

Республика бойынша алаяқтық әрекеттердің саны артып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының міндетін атқарушы Қайрат Нұрмағамбетовтың айтуынша, елімізде алаяқтық ұрлықтан кейін екінші орында тұр. Ағымдағы жылы соңғы 8 айда 19 278 алаяқтық әрекеттер тіркелген. Өткен жылы одан аз болған.

"Осы уақытқа дейін 5 592 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Статистика бойынша 8 айдың ішінде заңды тұлғаларға қатысты 167 алаяқтық әрекеттер тіркелді. Былтыр ол көрсеткіш 61 болған. Соның ішінде 31 іс сотқа жолданса, 29 іс тоқтатылды. Жалпы, одан 4,4 млрд теңгенің шығын келді. 3,3 млрд теңге қайтарылды", - деді Қ.Нұрмағамбетов "Атамекен" ҰКП сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің көбі тиісті құжаттарды дұрыс тексермейді, я болмаса, өз аңқаулығынан алданып қалады.

Айта кетейік, кеңестің бүгінгі отырысында кәсіпкерлер арасындағы келісімшарттарды орындау мәселесі қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу