banner

Қазақстанда ІТ-университет ашылуы мүмкін

725

Қазақстанда ІТ-университет ашылуы мүмкін

Болашақта Қазақстанда ІТ-университет ашылуы да мүмкін. Бұл туралы үкіметсағатында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Қазақстанда ІТ-саланың мамандары өз жобаларын жүзеге асыра алатын бір ғана орталық бар. Ол – Astana Hub. Ал жалғыз орталықтың жыртыққа жамау болмасы анық. Сондықтан министр біртұтас экожүйе құру керек деп есептейді. Ол үшін Назарбаев университетін пайдалану керек. Болашақта Қазақстанда ІТ-университет ашылуы да мүмкін.

"Astana Hub орталығында шетелде білім алып келген қыз-жігіттер жұмыс істеуде. Өйткені, олар сыртта бәсекелестіктің жоғары екенін біледі. Сондай-ақ орталыққа мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Бұл да тиімді. Сондықтан сыртқа кеткен мамандардың елге ораларына сенімдімін. Қытай мамандары да 20 жылға жуық уақыт бойы шекара асып кетіп жатты. Ал қайта орталу тенденциясының басталғанына 1-2 жыл ғана болды", – дейді Дәурен Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу