Қазақстанда қайталама нарықты несиелендіру бағдарламасы іске қосылады

1135

Бағдарлама "Баспана Хит" деп аталады.

Қазақстанда қайталама нарықты несиелендіру бағдарламасы іске қосылады

"Баспана" ипотекалық ұйымы қайталама үй нарығы объектілерін ипотекалық несиелендіру мақсатында "Баспана Хит" жаңа өнімін іске қосады, деп хабарлайды elorda.info.

"Екінші тұрғын үй нарығы объектілерін ипотекалық несиелендіру мақсатында ұйым "Баспана Хит" жаңа өнімін іске қосады. Бастапқы жарна - 20% құрайды, жылдық мөлшерлемесі - Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі + 1,75%. Несие мерзімі 15 жылға дейін", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 9% құрайтынын ескере отырып, "Баспана Хит" өнімінің жылдық бағамы 10,75% көлеміне есептеді.

Бұған қоса бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды ұлғайту мақсатында "Баспана" ипотекалық ұйымы 7-20-25 бойынша тұрғын үй құрылысы үшін  жергілікті атқарушы органдарға 150 млрд теңге бөлу мүмкіндігін қарастыруда.

"ЖАО – мен  бірге жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін 7-20-25 шеңберінде бастапқы жарнаны қысқарту бойынша жұмыс басталды. Баспанамен "Жас арман" және "Қамқор баспана" өнімдері әзірленді. ЖАО–мен жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға бастапқы жарнаны қысқарту үшін субсидия берілетін болады деп болжануда. Сонымен қатар, тізімдерді жасау, өнімге қатысу үшін азаматтарды іріктеуді әкімдіктер өздері жүргізеді. Қазіргі уақытта  Баспана Шымкент қаласы әкімдігімен бірге алғашқы  жобаны іске қосты", - делінген ақпаратта.

Жоба бойынша Шымкент әкімдігі 2 мыңға жуық тұрғынға қолдау көрсету үшін 2 млрд теңге субсидия бөледі. Сондай-ақ, Ұлттық банктің қаулысымен Шымкент қаласы үшін тұрғын үйдің ең жоғарғы құнының мөлшері 25 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасына 11 қыркүйектен бастап Қазақстан Халық Банкі  және ForteBank қосылды. Осылайша, өтінімдерді 7 банк-серіктес қабылдайды: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, BankRBK, Евразиялық банк, Халық банкі және ForteBank.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу