Қазақстандағы ВТБ банктің басқарма құрамында өзгеріс болды

961

Қазақстандағы ВТБ банктің басқарма құрамында өзгеріс болды

ВТБ (Қазақстан) банкінің директорлар кеңесінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы шешіміне сәйкес банк басқармасының жаңа мүшесі етіп ВТБ (Қазақстан) банкінің  корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры Илья Яковлев тағайындалды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі

Илья Яковлевтің Қазақстан мен Ресейдің қаржы секторында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, түрлі қаржы ұйымында басшы қызметтерін атқарды. Сбербанк тобының компанияларында корпоративтік секторын дамыту үшін алты жылдан астам жұмыс істеді, сонымен қатар Қазақстандағы Сбербанк еншілес ұйымында жұмыс тәжірибесі бар. Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетін бітірген, сонымен қатар оның аудит пен бухгалтерия саласында жоғарғы білімі бар.

"ВТБ тобының жаңа даму стратегиясының негізгі бағытының бірі – "Орта бизнес" сегментіндегі бизнес-үлгісінің трансформациясы, бұл топтың Қазақстандағы еншілес банкісі үшін де басым болып табылады. Илья Яковлев осы жұмыс үшін қажетті барлық кәсіби құзыретке және тәжірибеге ие. Оның бізге келуімен банктің корпоративтік бөлімінің дамуы жаңа сапалы деңгейге шығатындығына сенімдімін, – деген ВТБ (Қазақстан) банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Забелло оған жаңа жұмыс орнында сәттілік тіледі

"ВТБ (Қазақстан) банкі" АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні банктің 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын (оның 17-сі филиал) банк желісіне ие. Банктің орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу