Қазақстандық екі әскери әйел БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына аттануы мүмкін

660

Қазақстандық екі әскери әйел БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына аттануы мүмкін

Қазақстандық екі офицер-әйел БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына бақылаушы ретінде  қатысуға дайын, деп хабарлады қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.

"Біздің қыздардың дайындығы бар және миссияға дайын, олар барлық қажетті дайындықтан өтті, барлық талаптарға сәйкес келеді және миссиялардың біріне бақылаушы ретінде баруға әзір", – деді бессенбі күні Астанада болған баспасөз жиынында Талғат Мұхтаров.

Ол БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларында бақылаушы ретінде әйелдердің санын көбейту жөніндегі жоспар  БҰҰ реформаларын біртіндеп іске асырудың нәтижесі болып табылатынын тілге тиек етті. 

"БҰҰ-ның реформаларының бірі (...),  бақылаушы офицер-әйелдердің санын көбейту жөніндегі ниет туралы талаптардың бірі. Бұл бағыт қазір орындалып жатыр, біз де бұл бағыт бойынша өзімізді танытып отырмыз", –  деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу