Қазақстандық IT команда жеті дүркін Әлем Чемпионын жеңді

1529

Команда 2019 жылғы сәуір айында өтетін әлемдік финалға жолдама алды.  

Қазақстандық IT команда жеті дүркін Әлем Чемпионын жеңді

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (МУИТ) студенттік IT командасы жеті дүркін Әлем Чемпионы Санкт-Петербург қаласындағы ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетінен (ИТМО) озып, халықаралық дәрежеде үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Биылғы жылғы 2 желтоқсанда Санкт-Петербург, Барнаул, Алматы, Тбилиси қалаларында бір уақытта Northern Eurasia (Солтүстік Евразия) өңіріндегі студенттік командалар арасында бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Финалға ТМД елдерінің 318 командасы қатысты. Құрамына Темірлан Сатылханов, Абай Баймұқанова, Айбар Куанышбай кірген Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (МУИТ) командасы 13 есептің 8-ін шығарып, ТМД елдері арасында жүлделі 4-орынды, Қазақстан бойынша 1-орынды иеленіп, алтын медальға қол жеткізді. Ендігі кезекте қазақстандық команда 2019 жылғы сәуір айында өтетін әлемдік финалға жолдама алды.  

"Бұл университетіміздің 2018 жылғы ең үлкен жеңісі. Біз мұндай көрсеткішке 6 жыл көлемінде қол жеткізе алмап едік. Ендігі кезекте ел тарихында алғаш рет әлемдік чемпионатта үздіктер қатарынан көрінеміз деген үміт бар бізде. Бұл жолы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (МУИТ) студенттік IT командасы жеті дүркін Әлем Чемпионы Санкт-Петербург қаласындағы ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетінен (ИТМО) озып, халықаралық дәрежеде үздіктер қатарынан көрінді. Бұл өте жақсы көрсеткіш" - дейді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу