Қазақстандық таэквондошылар Азия ойындарының жартылай финалына өтті

617

Жансель Дениз (+67 келі) ширек финалда Вьетнам спортшысын 16:1 есебімен ойсырата ұтты. 1/16 бәсекеде Дениз Филиппин спортшысынан басым түскен еді. 

Қазақстандық таэквондошылар Азия ойындарының жартылай финалына өтті

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшелері Руслан Жапаров пен Жансель Дениз Азия ойындарының жартылай финалына шықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жансель Дениз (+67 келі) ширек финалда Вьетнам спортшысын 16:1 есебімен ойсырата ұтты. 1/16 бәсекеде Дениз Филиппин спортшысынан басым түскен еді. 

Жартылай финалда Жансель өзбекстандық Светлана Осиповамен кім мықтыны анықтайды. 

Ал команда үздігі Руслан Жапаров (+80 келі) ширек финалдағы таиландтық қарсыласын 30:15 есебімен тізе бүктірген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу