Қазақстандық теннисші АТР рейтингісінде бірден 56 сатыға көтерілді

687

Қазақстандық теннисші АТР рейтингісінде бірден 56 сатыға көтерілді

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев қатарынан үш жарыста жеңімпаз атанып, Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде 56 орынға көтерілді, деп хабарлайды Qsport.kz.

Шымкентте өткен ITF сериясының жарысының ақтық сынында ресейлік Теймураз Габашвилиді жеңіп, топ жарған. Кездесу екі сетке ғана созылып, 6:2, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Осылайша, Денис Евсеев үш турнирде қатарынан жеңімпаз атанып отыр. Денис ATP-тың жаңартылған рейтингісінде 476-шы орыннан 421-ші сатыға көтерілген. Ал Александр Бублик 142-ші, Михаил Кукушкин 96-шы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу