Қазақстандық жаттықтырушы ресейлік команданы басқаратын болды

430

Қазақстандық жаттықтырушы ресейлік команданы басқаратын болды

Қазақстандық маман Сергей Волгин воронеждік "Факел" командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

"Қайраттың" 58-жастағы бұрынғы жаттықтырушысы соңғы уақытта өзі тұратын Қаскелеңдегі балалар футбол мектептерінің бірінде жұмыс істеп келген болатын. 16 шілдеде ол Воронежге барып, Ресейлік ФҰЛ "Факел" клубымен келісімшартқа отырды. 90-жылдардың ортасында ол дәл осы қалада және осы командада өзінің даңқты карьерасын аяқтаған болатын.  

Волгиннің кәсіби клуб деңгейіндегі соңғы жұмыс орны - "Ақжайық" клубы болатын. Ол онда 2014-2015 жылдары жұмыс істеді. Содан бері кәнігі маман шығармашылық демалыста болатын Сергей Волгин өзінің жаттықтырушылық карьерасын сол Ресейде, "Сатурнның" жаттықтырушылық штабында бастаған еді. Сосын элистиндік "Ураланда" ресейлік Леонид Слуцкийдің ассистенті болды, одан кейін отанына оралып, үш жыл бойы "Ертісте" жұмыс істеді.

Оның ең ұзақ жаттықтырған командасы "Қайрат" болды. Сергей Волгиннің кезінде аталмыш команда Қазақстан премьер лигасына қайта оралған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу