Қазақстанның әскерилері қысқы жағдайда түнде парашютпен десант түсіруді тұңғыш рет пысықтады

979

Қазақстанның әскерилері қысқы жағдайда түнде парашютпен десант түсіруді тұңғыш рет пысықтады

Қазақстанның Қарулы Күштерінде парашют даярлығы орталығының әскери қызметшілері қысқы жағдайда түнде топ құрамында дайындалмаған алаңға парашютпен десант түсіруді тұңғыш рет пысықтады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған топтасып секіруді орындай отырып, олар 2016 жылдың күзінде әкелінген арнайы мақсаттағы "Insider-300 SF" және "Альфа-Аксиома" заманауи парашюттік құрылымын бірінші рет пайдаланды.

"Аталған жаттығуларды орындау қазіргі заманғы парашют техникаларының үлгілерін зерделеуге және оны меңгеруге, сондай-ақ парашютпен даярлық бағдарламасын сапалы орындауға күш-жігерді бағыттауға, кез келген жағдайда жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және әрі қарай оның жоғары жауынгерлік даярлығын қолдауға мүмкіндік береді", деп атап өтті ҚР ҚК Парашют даярлығы орталығының бастығы подполковник Леонид Дудкин.

Секірулерді орындау барысында орталықтың нұсқаушылар құрамы жерге арнайы түсірілетін шырақтарды қолдану арқылы парашютшінің дербес жел бағытын көрсету тәсілі пысықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу