banner

Қазақстанның кино және видео өндірісінің 60 пайызы Алматы қаласына тиесілі

975

 Қазақстанның кино және видео өндірісінің 60 пайызы Алматы қаласына тиесілі

2017 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша кино өндірісі, телебағдарлама мен музыкалық жазбалар көлемі 18 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,5 пайызға артық, деп хабарлайды 7kun.kz.

Айта кетейік, өткен жылы кино өндірісінде төмен көрсеткіш байқалған еді (-4,2%, 2015 ж.).

Еnergyprom-ның мәліметі бойынша, Қазақстанның кино және видео өндірісінің 59,8 пайызы Алматы қаласына тиесілі екен. Қаладағы қызмет көлемі бірден 2 есеге артып, 10,8 млрд теңгені құраған.

Кино өндірістің 25,4 пайызы Астанаға тиесілі. Оның табысы – 4,6 млрд теңге.

Қазақстанда орташа есеппен билет бағасы 1219 теңге тұрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 2,7 пайызға қымбаттағын. Ең қымбат билет Атырау және Астана секілді ірі қалалар мен мегаполистерде сатылады.

Өткен аптада Режиссер Тайка Вайтитидің Marvel "Тор: Рагнарек" фильмі қазақстандықтардың сұранысына ие болды. www.ticketon.kz порталының деректері бойынша фильм бюджеті 259 млн теңге жинады.

Екінші орында қазақстандық "Брат или брак" фильмі. Алғашқы аптасында — 61,4 млн теңге, жалпы – 147,3 млн теңге жиналған. Үшінші орында – ресейлік фильм — "Последний Богатырь". Алғашқы аптада – 30,4 млн теңге, жалпы — 163,1 млн теңге түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу