Қазпоштаның қызметін кәсіпкерлер де атқара алады

1990

Қазпоштаның қызметін кәсіпкерлер де атқара алады

Енді пошта бөлімшелеріне бармай-ақ сәлемдемелерді алуға немесе жіберуге, әуе және терміржол билеттерін сатып алуға, коммуналдық төлемдерді және салықтарды төлеуге болады. Кәсіпкерлер дүкендерінде, жанар-жағармай құю станцияларында және басқа да жерлерде Қазпоштаның қызметтерін көрсетіп, сонымен қатар өз тауарларын сата алады, деп хабарлайды компаниядан.

"Біз франчайзер-серіктестерімізге дайын бағдарламаны ұсынамыз, қызметкерлерін үйретіп, ұйымдастырушылық және маркетингтік,  сондай-ақ көліктік-логистикалық сүйемелдеу жұмыстарын көрсетеміз. Мұндай серіктестіктің арқасында шағын және орта бизнестер табыс табуда, ал Қазпошта өз желісін кеңейтуде", - дейді "Қазпоштаның" коммерциялық департаментінің директоры Замира Жұмағұл.

Пошта операторы 2018 жылдың басында "Қазпошта қызметтерін үшінші тұлғалар арқылы көрсету үшін франчайзинг моделін енгізу" жобасын бастаған болатын. Жобаның басты мақсаты – халқымызды қолжетімді жерден пошта қызметтерімен қамту.

Бүгінгі күні Қазақстанның барлық қалаларында Қазпоштаның 111 франчайзер-серіктестері  жұмысын атқарады.

Айта кетсек, франчайзинг – белгілі бір компания келісімшарттық қатынас арқылы белгілі бір адамға, компанияға немесе ұйымға өзінің атауын, оның беделін, өнімдері мен қызметтерін, маркетингтік технологияларды, сараптаманы және қолдау механизмдерін пайдалану құқығын беретін бизнес-ұйым үлгісі.

Франчайзингтік түрде көрсетілетін пошта қызметтері  Швейцарияда, Үндістанда, Австралияда, Канадада және басқа елдерде кеңінен тараған. Ең жарқын мысалдар - Ұлыбритания мен Германияның пошта бөлімшесі. Royal Mail -дың11 600 филиалы болса, оның 300-і ғана компанияға тиесілі, ал Deutsche Post-тың бір ғана пошта бөлімшесі бар, қалғандары классикалық франчайзинг моделі бойынша жұмыс істейді. Осы пошталардың тәжірибесін Қазпошта да өз жұмысында қолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу