Кей сыныптарға оқулық келесі жылы басылып шығарылады

1274

Кей сыныптарға оқулық келесі жылы басылып шығарылады

Шымкентке мектеп оқулықтары жеткізіле бастады. Жалпы саны 1 миллион оқулық басып-шығару үшін 12 баспаға тапсырыс берілген. Қазіргі таңда бұл кітаптардың барлығы жалпы білім беретін орта мектептерге таратылуда, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бұл жұмысты "Қазпошта" АҚ атқарып жатыр. Оқулықтардың білім ошақтарына таратылу барысын қалалық білім бөлімінің мамандары қадағалауда. Дегенмен, білім бөлімінің мамандары бұл кітаптар оқушылардың барлығына дерлік берілмейтінін, тек белгілі бір сыныптар үшін ғана таратылатынын айтады.

Мысалы, 2, 5 және 7 сынып оқушылары оқулықпен толық қамтылады дейді қалалық білім бөлімінің өкілдері. Бұған қоса 1 және 8 сыныпқа баратын оқушылар үшін былтыр басылып шыққан кітаптар бар. Сондай-ақ, 1 сынып оқушыларына дәптер сатып алудың да қажеті жоқ. Себебі, оларға арнайы сабақ дәптерлері беріледі.

Ал басқа сынып оқушылары келер жылға дейін амалдай тұруы қажет. 3, 6, 9 және 10 сыныптар үшін оқулықтар келесі жылы басылып шығарылады. Айта кетейік, биыл оқулықтар үшін 1 миллиард 487 миллион теңге жұмсалған. Осы қарқынмен 1-2 жылда оқушылар кітап тапшылығын көрмейді деп сендіреді қалалық білім бөлімінің мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу