Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда үйінде болған өрттің себебі анықталды

873

Өрт салдарынан 64 адам қайтыс болған еді.

Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда үйінде болған өрттің себебі анықталды

Кемерово қаласындағы  "Зимняя вишня" сауда-ойын-сауық  кешеніндегі өрт жарықдиодты шырақтан шыққан, оған  шатырдағы еріген қар суы аққан. Құрылғыны сөндіретін қорғайтын автомат бұзылған болып шықты, деп хабарлайды ресейлік Lenta.ru сайты.

"Тәуелсіз сараптама бюросының" сарапшыларына жанған плафондар, сымдар мен кабельдер, трансформаторлар салынған ондаған қапшық табыс етілген болатын. Мамандар ғимаратты жаңғырту мен пайдалану барысында бірқатар техникалық ақаудың болғанын анықтаған. Нәтижесінде өрт балаларға арналған поролон кубикті құрғақ бассейнге жарық шашып тұратын жарықдиодты плафонның сымынан шыққанын айғақтады.

Шатырдан аққан судан электр сымы тұйықталған. Бұған СОО бейнекамерасындағы кадрлар да дәлел. Сонымен қатар сараптама материалында электр сымдарының барлық буындары қысқа тұйықталудан автоматты түрде ажырататын ажыратқышпен қорғалуға тиіс екені айтылған, алайда СОО-да қорғайтын автомат жұмыс істемеген.

Мамандар жарық беретін тізбектегі автоматтар бұзылған немесе орнатылмаған деп отыр. "Зимняя вишня" СОО-дағы өрт туралы істе айыпталушылардың бірі Игорь Полозиненко сараптама нәтижесімен танысқаннан кейін, ғимаратты қайта қалыпқа келтіру  жобасын бекіткен шенеуніктерді де қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ашық хат жазды. Игорь Полозиненконың "Системный интегратор" компаниясы сауда орталығындағы өртке қарсы жүйеге қызмет көрсету керек болатын. Оны жөндеу үшін компанияның сарапшылары 10 млн рубль сұраған, бірақ 300 мың рубль ғана алған.

Еске салар болсақ, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" СО-да өрт болған еді. Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпып, іле шатыр құлаған. Өрт салдарынан 64 адам қайтыс болды, оның 41 балалар деп хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу