КХДР-да жасырын зымыран базалары табылды

938

АҚШ сарапшыларының пайымдауынша, Солтүстік Кореяда 20-ға жуық құпия зымыран базасы бар. Сонымен қатар Пхеньянда әскери нысандардың әлі де жұмыс істеуі әбден мүмкін.

КХДР-да жасырын зымыран базалары табылды

АҚШ Солтүстік Кореяда жасырын түрде сақталған 13 зымыран базасын тапты. Бұл туралы Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Жерсеріктен түсірілген суреттерге қарағанда, полигондар Солтүстік Кореяның таулы аймақтарында орналасқан. Болжам бойынша базалар зымыран арсеналын сақтау үшін пайдаланылады және онда әр түрлі қашықтықтағы баллистикалық зымырандар бар болуы мүмкін. Алайда әскерилер зымыранды іске қосатын қондырғылардың анықталмағанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу