banner

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандар дайындалады

803

 Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандар дайындалады

Еліміздегі әскери оқу орындарында киберқауіпсіздікке жауапты мамандар дайындалатын болады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін бұл кәсіп тек 7 оқу орнында оқытылып келген. Білім және ғылым министрлігі енді осы салаға бөлінетін грант санын 500-ге жеткізуді көздеп отыр.

4 сатылы іріктеуден өтетін үміткерлерге қойылатын талап күшті. Оған қоса аударма ісі, гео-ақпараттық технология сынды мамандықтар бойынша қыздарды оқыту жоспарланған. Кейін түлектер Қарулы күштер қатарында қызмет ететін болады.

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын кешенді орындау мақсатында қолға алынған бастама арқылы әскери кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесін нығайту көзделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу