Киіктер бұрынғы миграциялық өрістеріне орала бастады

2740

Киіктер бұрынғы миграциялық өрістеріне орала бастады

Атырау облысында көп жылдар мүлде көрінбей кеткен киіктердің алғашқы шоғыры өткен жылдың қараша айларында Құрманғазы, Индер және Махамбет аудандарынан байқалыпты. Қазір олар бұрынғы миграциялық өрістеріне оралып, өркен жая бастаған, деп хабарлайды 24.kz. 

Атырау облыстық, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен Батыс Қазақстан облысының зоолог ғалымдары бірлесіп, киік санағын жүргізді. Әуеден ұшақпен бақылау барысында Атырау облысында 500-ден астам ақбөкен мекен ететіні анықталды.

"Қазіргі таңда киіктердің төлдеуіне байланысты құзырлы органдармен бірлесіп, рейдтік шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, жергілікті полиция қызметкерлері мен аудандық инспекциялармен Махамбет, Индер, Құрманғазы итнспекцияларымен бірлескен рейдтік шаралар өтіп жатыр. Ондағы мақсат – олардың өсіп-өнуіне және көбеюіне жағдай жасау", - дейді аумақтық инспекцияның аң шаруашылығы бөлімінің басшысы Азамат Әбіғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу