ҚИК жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатыр

1184

Жоба жыл соңына дейін дайын болуға тиіс.

ҚИК жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатыр

Қазақстан ипотекалық компаниясы жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Алматыдағы баспасөз мәслихатында "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әзірге, жоба дайындау кезеңінде тұр. Директорлар кеңесі бізге жаңа стратегияны әзірлеуге тапсырма берді. Кейіннен құжатты акционерлер бекітетін болады. Біз оны жыл соңына дейін дайындауымыз керек. Алдымен бағдарламаны біздің директорлар кеңесі мақұлдауға тиіс. Сондықтан оған дейін осы жұмыстарды егжей-тегжейлі айта алмаймын", - деді басқарма төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу