Қоғамдық орындар темекі түтінінен 100 пайыз арылды - ҚР ДСМ

937

Қоғамдық орындар темекі түтінінен 100 пайыз арылды - ҚР ДСМ

Қазақстан соңғы 10 жылда темекіге қарсы күрес процесінде белгілі жетістіктерге қол жеткізді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"ДДҰ деректері бойынша әлемде шамамен мерзімімен бұрын орын алатын өлімнің 80% -ы төрт анағұрлым кең тараған қауіп факторларымен байланысты – темекі шегу және  ішімдік ішу, дұрыс тамақтанбау және аз физикалық белсенділік. Осыған орай ҚР денсаулық сақтау министрлігі халық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық факторларының әсерін төмендететін шараларды іске асырады", - дейді ол. 

Оған қоса, вице-министр Қазақстанда жарнамада тыйым салу практикасы енгізілгенін, ауруханаларды, жұмыс орындарын, мектептерді, қоғамдық көлікті қоса алғандағы қоғамдық объектілер темекі түтінінен 100% -ға арылғанын, темекі өніміне салынатын салық бөлшектеп саудалау құнының 40%-ын құрайтынын, темекіні тастау тілегін білдірген адамдарға тегін негізде МСАК деңгейінде қызметтер (темекіге қарсы орталықтар) көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ ол Дүниежүзілік банктің сарапшылары ұсынған алдыңғы қатарлы тәжірибе денсаулық үшін құрамында қант, тұз, трансмайлар деңгейі жоғары өнімдердің, алкоголь және темекі өнімдерінің "зиянды" әсерін азайтуда қосымша шаралар қабылдауды растайтынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу