banner

Көкшетауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

628

Көкшетауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Көкшетау қаласында заңсыз ойын мекемелері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі Көкшетауда ҚР "Ойын туралы" заңының талаптары тыйым салғанына қарамастан заңсыз ойын мекемелерін ашқан топтың жолын кесті. Ойын жабдықтары сауда үйлері мен халық көп жүретін орындарға қойылған.

Күдікті азаматтар облыс бойынша МКД ЭТҚ қызметкеріне ай сайын сыйақы беріп тұратындарын айтып, ойын мекемесін жаппауды өтінген. Сомасы 250 мың теңгені құрайтын ақшалай сыйақыны беру кезінде Көкшетаудың екі тұрғыны қылмыс үстінде ұсталды. Іс материалдары сотқа жолданды.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу