Қоқысты қайта өңдеу қиындық тудыруда

Себебі қалдықтар сұрыпталып, жиналмайды.

25 Қыркүйек 2018 12:24
Қоқысты қайта өңдеу қиындық тудыруда, Астана, қоқыс өңдеу

Бүгінде еліміз бойынша 100 млн қатты қоқыс жиналып қалған. Сарапшылардың айтуынша, қоқыстың көбі Алматы, Түркістан, Қостанай облыстары және Алматы қаласымен бірге Астана қаласында жиналады. Оның басты себебі қаланың қарқынды дамуынан, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанда қалдықтарды сұрыптайтын және өңдейтін және 20-дан астам өнім түрлерін шығаратын 130-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. 40-тан астам елдімекенде қалдықтарды бөлектеп жинау, ал 19 елдімекенде сұрыптау енгізілген.

Әкімдіктер мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимыл мысалы ретінде Солтүстік Қазақстан облысындағы қайталама полимердің тұрмыстық бұйымдарды қайта өңдеу және өндіру бойынша «Радуга» кәсіпорны, Қостанай облысындағы «Фабрика нетканых материалов», Шымкент қаласындағы «HILL Corporation» ЖСШ-і және Астана қаласындағы KazRecycleService қоқысты сұрыптау заводын айтуға болады. Бірақ қоқысты өндеудің сатысы жоғары емес.

Мамандардың айтуынша, оған қатты қоқыстың құрамы себеп. «Қазір біз барлық қоқысты бір контейнерге тастап жатырмыз. Мысалы, қайта өңдеуге жарамды пластик, қағаз, аллюминий банкалары, картон барлығы тұрмыстық қалдықпен аралас. Ол қоқыс бірнеше күн контейнерде жатып аралас былығып кеткен күйде зауытқа келеді де, өңдеу қиынға түсуде. Сол себепті де жауапты органдар және біз Астанадағыдай қоқысты сұрыптап жинауды енгізуді қолға алып жатырмыз, яғни қайта өңдеуге болатын барлық затты сары контейнерге салу. Ол дегеніміз макулатура, қораптар, пластик және қағаз және бұларды тұрмыстық қалдықтармен араластырмау. Осылай жасасақ, қоқысты қайта өңдеудің пайыздық көрсеткіші 70% - ға дейін жетуі мүмкін», -деді «KazWaste» қалдықтар өңдеу жөніндегі қауымдастықтың басқарма төрағасы Шынболат Байқұлов.

Оның мәліметінше, бұл зауытта әлемнің жетекші өндірушілерінің жабдықтары орнатылған, сондықтан мұндағы сұрыптау тереңдігі 15%-ға дейін жетеді.