Конькимен жүгіру: Қазақстан командасы әлем чемпионатына жолдама алды

864

Конькимен жүгіру: Қазақстан командасы әлем чемпионатына жолдама алды

Польшаның Томашув-Мазовецский қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің үшінші кезеңі өтуде. Қазақстан спортшылары жекелей сында айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ. Конькишілеріміздің басым бөлігі В дивизионында сынға түскен болатын. 

Командалық жарыста Қазақстан құрамасы үш кезең қорытындысы бойынша 10-шы орын иеленіп, биыл өтетін әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлады prosports.kz.

Бұл бәсекеде ел намысын Д. Гаврилов, Д. Морозов және В. Щиголев қорғауда. 

Ал 500 метрге жарысқан Екатерина Айдова 38.914 уақыт көрсеткішімен 12-ші сатыдан көрінді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу