Қос Корея арасында пойыз қатынайды

844

Қос Корея арасында пойыз қатынайды

Оңтүстік және Солтүстік Корея арасында теміржол қатынасы орнайды. Қос ел алдымен солтүстіктегі 2 жарым мың шақырымға созылған жолды тексерістен өткізеді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін Оңтүстік Корея солтүстікке отын мен шикізат тасымалдау үшін АҚШ пен БҰҰ тарапынан кей санкцияларды айналып өтуге рұқсат алған. Енді тасымал қатынасын іске асыру үшін жолдың түйісер жерін ретке келтіру қажет.

Жалпы тексеріс жүргізуге бар-жоғы екі апта кетеді. Осыдан кейін Пхеньян декларациясына сәйкес, екі жақ жолды жөндеуге кіріседі. Ол жұмыстар жылдың соңына дейін басталуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу