Қостанай облысында биыл 33 орман өрті тіркелген

1344

Қостанай облысында биыл 33 орман өрті тіркелген

Қостанай облысында биыл 33 орман өрті тіркелген. Оның ішінде ең ауқымдысы Қарабалық ауданы аумағындағы Михайлов орман шаруашылығында болды. Ол жерде қызыл жалын 100 гектар жасыл желекті күлге айналдырған, деп хабарлайды 24.kz.

Өрт сөндірушілер мұндай оқиғалар өңірде жиілеп кеткендігін айтады. Негізігі себеп – ауылшаруашылық қалдықтарын жаққан кезде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы.

Биылдың өзінде осындай салдыр салақтық танытқан 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір төтенше жағдайлар қызметі әдеттегі өрттің алдын алу шараларынан тыс, заманауи технологияларды да қолдана бастады.

 "Қазір біз облыс аумағында тұрақты түрде космомониторинг жүргіземіз. Күніне ғарыштан түсірілген 7-10, қажет болса одан да көп  суреттерді алдыртамыз. Сол арқылы  өрт ошағын бірден анықтай аламыз. Бұл бізге  шұғыл қиымылдап, тілсіз жаудың жолын кесуге мүмкіндік береді", - дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Азамат Орымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу