Қостанай облысында газ тарифі өзгертілмек

668

Қостанай облысында газ тарифі өзгертілмек

Қостанайда "ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалының газ тарату жүйесі бойынша тауарлы газды сатуға қатысты жоспарланып отырған шектік баға жоспарын қарастыру бойынша жария тыңдау өтті, деп хабарлайды alau.kz . 
Қостанайдағы газ саласы қызметкерлері табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қостанай облысында газды сатудың түпкілікті бағасының өзгеретіні туралы хабарлама жасады. 
Энергетика министрлігінің бұйрығымен 2018 жылдың 1 шілдесімен 2019 жылдың 30 маусымы аралығында ішкі нарықта тауарлы газды өткізудің шектік көтерме бағасы бекітілген. 
Қостанай облысы бойынша тауарлы газды сатудың шектік көтерме бағасы бір шаршы метр үшін 19732 теңге болды, ал қазіргі баға 17938 теңге. Бір шаршы метр үшін баға 1794 теңгеге немесе 10%-ға өскен. Бұған қосымша 5% "ҚазТрансАймақ" АҚ-тың жабдықтау үстемесі бар. Абоненттер үшін тарифті 15%-ға өсіру мәселесі қазір қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу